Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Ортақшыл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №18/20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Ортақшыл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 63489 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1696 мың теңге;
трансферттер түсімі – 61793 мың теңге;
2) шығындар – 64211,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -722,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 722,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 722,9 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров