Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Иіркөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №18/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы
«
Иіркөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №18/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Иіркөл ауылдық округінің
    2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №18/10 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Иіркөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 84 881,1 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 5 102,1 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 79 779 мың теңге;

         2) шығындар – 88 506,1 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 625 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 3 625 мың теңге;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 3 625 мың теңге.».

         Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

          2.Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі аудандық мәслихат хатшысы                              Т.Жағыпбаров

Дата публикации
13 декабря 2022