Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Бәйгеқұм ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №18/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Бәйгеқұм ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы»

№18/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Бәйгеқұм ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №18/5  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Бәйгеқұм ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 77 090,5 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер -  3 308,5 мың теңге;

           салықтық емес түсімдер – 13 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 73 769 мың теңге;

         2) шығындар – 86 645,5 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - -9 555 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 555 мың теңге;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 9 555 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

        Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                            Т. Жағыпбаров

Дата публикации
13 декабря 2022