Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жөлек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы

«Жөлек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы»                                            № 18/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Жөлек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 18/17 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Жөлек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022  жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 71 530,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 052 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 9,8 мың теңге;

трансферттер түсімі – 69 469 мың теңге;

2) шығындар – 72 478,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 947,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                  947,9 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 947,9мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                                  Т. Жағыпбаров

Дата публикации
27 октября 2022