Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Бәйтерек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы
«Бәйтерек
ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Бәйтерек ауылдық округінің
    2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 18/7 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Бәйтерек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 91 853 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6 076 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 54 мың теңге;

трансферттер түсімі – 85 723 мың теңге;

2) шығындар – 95 245,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 392,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
3 392,9 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 392,9 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                                  Т. Жағыпбаров

Дата публикации
27 октября 2022