Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып, «Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Әмір Нұрлан Әмірұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
2018 жылы енгізілген ауруларды басқару бағдарламасын (АББ-ПУЗ) жалғастырып, бағдарламадағы аурулар тізбесін кеңейту;
маман тапшылығы бойынша қажетті дәрігерлерді қайта даярлап, оларды жаңа емдеу әдістері мен инновациялық технологияларды игеруге үздіксіз оқыту жүйесін қамтамасыз ету;
аудандық емханаға компьютерлік томограмма, аудиометрия алу;
елді мекендердегі медицина ғимараттары мен автокөліктерді жаңалауға жұмыс жасау;
онкологиялық қырағылықты күшейту, скринингтен өту уақытын қатаң қадағалау, ауруды ерте анықтау және диагностикалау, емдеу;
жүктілердің пренатальды скринингпен қамтылуын, соның ішінде туа бітті ақаулармен туылған нәрестелерге жүйелі анализ жасап отыру. Пренатальды скринингті меңгерген УДЗ мамандарын дайындау;
Шиелі кентінің теріскей бетінен қосымша тағы да күндізгі стационар ашу;
алғашқы медициналық көмек көрсетуді жандандыру;
көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіре отырып, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту және сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров