Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы

Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып,  «Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Әмір Нұрлан Әмірұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. «Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Әмір Нұрлан Әмірұлының хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігеріне:

2018 жылы енгізілген ауруларды басқару бағдарламасын (АББ-ПУЗ) жалғастырып, бағдарламадағы аурулар тізбесін кеңейту;

маман тапшылығы бойынша қажетті дәрігерлерді қайта даярлап, оларды жаңа емдеу әдістері мен инновациялық технологияларды игеруге үздіксіз оқыту жүйесін қамтамасыз ету;

аудандық емханаға компьютерлік томограмма, аудиометрия алу;

елді мекендердегі медицина ғимараттары мен  автокөліктерді жаңалауға жұмыс жасау;

онкологиялық қырағылықты күшейту, скринингтен өту уақытын қатаң қадағалау, ауруды ерте анықтау және диагностикалау, емдеу;

жүктілердің пренатальды скринингпен қамтылуын, соның ішінде туа бітті ақаулармен туылған нәрестелерге жүйелі анализ жасап отыру. Пренатальды скринингті меңгерген УДЗ мамандарын дайындау;

Шиелі кентінің теріскей бетінен қосымша тағы да күндізгі стационар ашу;

 алғашқы медициналық көмек көрсетуді жандандыру;  

 көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіре отырып, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту және сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу тапсырылсын.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

    

                    Аудандық мәслихат

                                  хатшысы                                                Т.Жағыпбаров

Дата публикации
16 сентября 2022