Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұран ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының  2021 жылғы 30 желтоқсандағы

«Тұран ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы»  № 18/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Тұран ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы    № 18/15 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. Тұран ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 81 213 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 601 мың теңге;

трансферттер түсімі – 77 612 мың теңге;

2) шығындар – 84 527 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 314 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 314 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 314 мың теңге.».

Көрсетілген  шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                               Т. Жағыпбаров

Дата публикации
19 августа 2022