Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жөлек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жөлек ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 71 530,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 052 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9,8 мың теңге;
трансферттер түсімі – 69 469 мың теңге;
2) шығындар – 72 478,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 947,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 947,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 947,9мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Шиелі аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Жағыпбаров