Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Телікөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы

«Телікөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Телікөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 18/19 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. Телікөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 60381 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1477 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 58904 мың теңге;

         2) шығындар – 61721,4 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1340,4 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1340,4 мың теңге;                

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1340,4 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                                  Т. Жағыпбаров

Дата публикации
19 августа 2022