Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жиделіарық ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жиделіарық ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 


Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Жиделіарық ауылдық округінің
    2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы
    30 желтоқсандағы № 18/24 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Жиделіарық ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 54 799,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 977,4 мың теңге;

трансферттер түсімі – 53 822 мың теңге;

2) шығындар – 69 933,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 15 134,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 15 134,2 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 15 134,2 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                               Т. Жағыпбаров

Дата публикации
19 августа 2022