Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы
«2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 17/2
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 22 819 117,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 273 564 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 121 759 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 22 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 19 401 794,5 мың теңге;
2) шығындар – 23 616 769,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -101 700 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 526 612 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 628 312 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -695 952,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 695 952,4 мың теңге;
қарыздар түсімі – 770 837,3 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 637 174,4 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 562 289,5 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Шиелі аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Жағыпбаров