Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамын сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы құрамының бос орнына «Ұлт бірлігі» этнобағытталған қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Бурабаева Эльмира Базарбайқызы сайлансын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров