Шиелі ауданының әкімшілік – аумақтық басқару схемасын бекіту туралы

Шиелі ауданының әкімшілік –
аумақтық басқару схемасын
бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 6-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Шиелі ауданы әкімінің 2022 жылғы 31 мамырдағы №01/1-2/758 ұсыныс-хаты негізінде Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі ауданының әкімшілік-аумақтық басқару схемасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың «Шиелі ауданының әкімшілік-аумақтық басқару схемасы туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №19/17 шешімінің күші жойылсын.
  3. Шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

   Шиелі аудандық

мәслихат хатшысы                                                                 Т. Жағыпбаров

 

Дата публикации
06 июня 2022