атқарылуы жөніндегі есеп туралы
2021 жылға арналған Иіркөл ауылдық округінің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 123 005,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 8 562,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 253,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 269 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері – 112 921,0 мың теңге;
2) шығындар –126 063,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо –
0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 058,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
3 058,4 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының қолданылатын қалдықтары – 3058,4 мың теңге;
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдығы – 6 683,4 мың теңге;
есепті кезең соныңдағы бюджет қаражаттарының қалдығы – 3625,0 мың теңге.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Жағыпбаров