2021 жылға арналған Ақтоған ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы

2021 жылға арналған Ақтоған ауылдық округі
бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2021 жылға арналған Ақтоған ауылдық округінің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:

          1) кірістер – 60 927,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 989,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

ресми трансферттер түсімдері – 57 938 мың теңге;

          2) шығындар – 59 257,0  мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредит беру – 0 мың теңге;

          4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо -
0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы(профициті) – -1670,4 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -
1670,4 мың теңге;

          қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының қолданылатын қалдықтары – 1670,4 мың теңге.

          қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдығы – 428,7 мың теңге;

          есепті кезең соныңдағы бюджет қаражаттарының қалдығы – 2099,1 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған Ақтоған ауылдық округінің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепке түсіндірме жазба 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. 2021 жылға арналған Ақтоған ауылдық округінің бюджетінің атқарылуы жөніндегі талдамалық есеп 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. 2021 жылға арналған Ақтоған ауылдық округінің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы мәлімет 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         

               

 

Аудандық мәслихат

         хатшысы                                                  Т.Жағыпбаров

Дата публикации
06 мая 2022