«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 109 509,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 456,4 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері – 101 927,0 мың теңге;
2) шығындар –108 652,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо –
0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -856,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
856,7 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының қолданылатын қалдықтары – 856,7 мың теңге;
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдығы – 1 618,0 мың теңге;
есепті кезең соныңдағы бюджет қаражаттарының қалдығы – 2 474,7 мың теңге.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Жағыпбаров