2021 жылға арналған Алмалы ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы

2021 жылға арналған Алмалы ауылдық округі бюджетінің

атқарылуы жөніндегі есеп туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2021 жылға арналған ауыл бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп
    1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:

          1) кірістер – 124 687,5  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 797,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

ресми трансферттер түсімдері – 119 890,0 мың теңге;

          2) шығындар – 113 403,7 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредит беру – 0 мың теңге;

          4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо –
0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – -11 283,9 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  –
11 283,9 мың теңге;

          қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының қолданылатын қалдықтары –  11 283,9 мың теңге;

          қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдығы – 1 353,2 мың теңге;

          есепті кезең соныңдағы бюджет қаражаттарының қалдығы – 12 637,1 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған ауыл бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепке түсіндірме жазба 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. 2021 жылға арналған ауыл бюджетінің атқарылуы жөніндегі Талдамалық есеп 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. 2021 жылдың бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы мәлімет 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         

               

 

 

Аудандық мәслихат

         хатшысы:                                                 Т.Жағыпбаров

Дата публикации
06 мая 2022