«Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық
мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
«АМАNАТ» партиясы Шиелі аудандық филиалы ұсынған Жусипбаев Талғат Кенесович №269 «Бірлестік», Әлмұхамедова Әлия Бауыржанқызы №272 «Қоғалы», Туребаева Марина Айтбаевна №275 «Жөлек», Кесебаева Әлия Дүйсенбайқызы №303 «Қарғалы»;
«Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Шиелі аудандық филиалы ұсынған Құндызбаева Қарлығаш Жантасқызы №288 «Көкшоқы», Қонысбаев Серік Кенбайұлы №294 «Әбдіқадыров» учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров