Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы

 «Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

           Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1.   Шиелі аудандық мәслихатының «Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 18/11 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 408 263 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 652 мың теңге;

трансферттер түсімі – 406 611 мың теңге;

2) шығындар – 412 547 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 284 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 4 284 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 4 284 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

         2.Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                                     

 

 

        Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                                  Т. Жағыпбаров

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 18/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
08 апреля 2022