"Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы" аудандық
мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
«Аманат» партиясы атынан ұсынылған Піржанов Нұржан Алмасұлы №295 «Алғабас» учаскелік сайлау комиссиясының құрамына, Зейнабилова Сара Бердиярқызы №289 «Шәкәрім» учаскелік сайлау комиссяисының құрамына, Мұса Қуаныш Маралұлы №301 «Ақмая» учаскелік сайлау комиссиясының құрамына;
Қазақстан Халық партиясы атынан ұсынылған Қалиасқаров Мұхит Хамитұлы №276 «Қызылқайың» учаскелік сайлау комиссиясына, Майкөтов Бердәлі Тыныштықбайұлы №278 «Жақаев» учаскелік сайлау комиссиясына, Жылқайдаров Ержан Ақбайұлы №281 «Алмалы» учаскелік сайлау комиссиясына;
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы атынан ұсынылған Насибеков Дауренбек Ердибекович №268 «1 Май» учаскелік сайлау комиссиясына, Тымбаулиев Құрмаш Қаппарұлы №276 «Қызылқайың» учаскелік сайлау комиссиясына, Абдуллаева Светлана Қайырбекқызы №281 «Алмалы» учаскелік сайлау комиссиясына, Жиенбаев Мұхтар Нысанбекұлы №284 «Әл-Фараби» учаскелік сайлау комиссиясына, Дихамбаев Бакрадин Кенжеғұлұлы №287 «Әйтеке би» учаскелік сайлау комиссиясына, Бәкір Бекжан Талғатұлы №290 «Аманкелді» учаскелік сайлау комиссиясына, Құлқараева Гаухар Жұлдызбайқызы №292 «Жайлыбаев» учаскелік сайлау комиссиясына, Искакова Айнур Айтмухмедовна №295 «Алғабас» учаскелік сайлау комиссиясына, Жұмабеков Мирамбек Жәнібекұлы №301 «Ақмая» учаскелік сайлау комиссиясына;
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы атынан ұсынылған Дүйсенбаева Гүлназ Еркінқызы №268 «1 Май» учаскелік сайлау комиссиясына, Қонысбаева Қарлығаш Кенбайқызы №290 «Аманкелді» учаскелік сайлау комиссиясына, комиссия мүшесі болып сайлансын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров