ЖОБА
Шиелі аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 желтоқсандағы “Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы” №34/24 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Шиелі аудандық мәслихаттың “Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы” 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №34/24 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6612 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.