ЖОБА
Шиелі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы “Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы” №26/4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Шиелі аудандық мәслихаттың “Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы” 2014 жылғы 21 ақпандағы №26/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4627 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.