
Искаков Тимур Қалиұлы 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.
Оның жеке жұмыс жолында «Шымкент қаласы жастар қайырымдылық қорының» қоғамдық негізінде төраға қызметін атқарып жүріп, жол құрылысы саласының қарқындап дамуына және жол сапасын жақсартуға өз үлесін қосып келеді.
Еңбек жолын 1993-1997 жылдары аралығында «Восход» совхозының орталық бау-бақшасында бригадирі, 2005-2007 жылдары аралығында қаржы саласында қызмет атқарды. 2007-2008 жылдары «ГеоАрхПроект» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің инженер болып жұмыс істеді. 2012 жылдан қазіргі күнге дейін «Шымкент Жол Құрылысы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің қауіпсіздік жөніндегі бас маманы қызметін атқаруда.
Жеткен жетістіктері:
Депутаттық жолында: Искаков Тимур — Шардара аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты.
Искаков Тимур ауданда беделді, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Өңірдің экономикалы-әлеуметтік дамуына үлес қосып, жол құрылысы саласын жақсартуға белсенділік пен кәсібилік танытып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Өзі сайланған ауыл округінде орналасқан аз қамтылған отбасыларына қаржылай көмек беріп, көпбалалы отбасыларымен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз тарапынан әлеуметтік қолдау білдіріп демеушілік жасап тұрады.
Шардара аудандық мәслихатының депутаты ретінде 2024 жылы 7 депутаттық сауал жолдап, Қоссейіт елді мекеніде ИДЖЖЖ-2 бағдарламасы аясында ирригациялық және коллекторлы - дренаждық жүйелерін қалпына келтіру, жетілдіру жұмыстарына, Қоссейіт ауылдық округіндегі Асық ата, Д.Қонаев көшелерінің жарықтандыру жүйесін қамтамасыз ету қызметтеріне, Восход көшесіне жарықтандыру жүйесін орнатуға, Қоссейт ауылы Асық-ата көшесіндегі каналдың арғы беткейіндегі жарықтандыруын ағымдағы жөндеуге, Панфилов көшесіндегі спорт алаңшасын орнатуға және санитарлық тазалау жұмыстарына қаржы бөлдіруге ықпал жасады.
Искаков әсіресе ауылшарушылығы мәселесі, жастарды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белсенді азамат.