Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
shardara_maslihat@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Муталиев Бултбай Лесбекұлы
Шардара аудандық мәслихат төрағасы
Общая информация, образование

Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы 09.10.1967 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 1985-1992 жылдары Алматы Халық-шаруашылық институтында экономист мамандығын алды. 1997-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалын бітіріп, заңгер мамандығын алды.

Еңбек жолында 1984-2001 жылдары Шардара астық қабылдау мекемесінде әртүрлі қызметтер атқарды. 2001-2004 жылдары «Ордабасы-Құрылыс» ЖШС-де жұмыс атқарды. 2004-2006 жылдары «Ордабасы-Сарбаз» ЖШС-нің Шардара аймақтық күзетінің бастығы болды. 2006-2007 жылдары Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінің әкімі, 2007-2012 жылдары Шардара ауданы, Шардара қаласының әкімі, 2012-2016 жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2021 жылдары Шардара аудандық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарды. Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік өркендеуіне, қоғамдық өмірге белсене араласып айрықша үлесін қосып келеді. 2021-2023 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін Шардара аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді.

Марапаттары:            Шардара ауданының Құрметті азаматы. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан «Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, облыстың Құрметті депутаты,  Қазақстан полициясына 25 жыл медалі, облыстық мәслихаттың Грамотасы, Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік төсбелгісі, Шардара ауданынына 55 жыл мерекелік төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасылы, жұбайы екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы