
Айдос Сундетали Калмахамедович
Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің шешімін табуына ықпал жасап келеді. Шардара аудандық маслихатының VII шақырылымдағы депутаты.
Марапаттары:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты», Түркістан облыстық мәслихатының «Грамотасы», Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік төсбелгісімен, Шардара ауданына 55 жыл мерекелік төсбелгісімен және аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хаттары.
Айдос Сүндетәлі Қалмахамедұлының кандидатурасы «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Шардара аудандық филиалында талқыланып ұсынылды.
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласындағы «Ордабасы» ЖШС-інде менеджер мамандығы бойынша бастаған. 2006-2007 жж. Ақтау қаласындағы «KICOM» ЖШС-інде менеджер, 2007-2008 жж. Алматы қаласындағы «Ордабасы коммерц» ЖШС-інің коммерциялық директоры, 2009 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Шымкент қаласындағы «CASCOM» ЖШС-інің директоры қызметін атқарып келеді. Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік өркендеуіне, қоғамдық өмірге белсене араласып айрықша үлесін қосып келеді. Сайлаушылармен үнемі байланыста болып, олардың ұсыныстарын мәслихаттың сессиясында және тиісті мекемелерге жеткізіп, оның орындалуына тікелей араласып отырады.