Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының
сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 27 қарашадан бастап 2026 жылғы 12 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа жолданған өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы керек.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы керек.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды 2026 жылғы 27 қарашадан бастап 2026 жылғы 12 ақпанға дейін дүйсенбі- жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Шарбақты аудандық мәслихаты
Шарбақты аудандық мәслихатының төрағасы - Г.К. Смаилханова
Мәслихаттың орналасқан жері: Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 үй.
Жауапты адам – Динара Сагандыковна Аубакирова, каб. № 2, қызметтік телефон номері (871836)2-12-72, электрондық пошта адресі - scherb.maslihat@mail.kz.
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
көше |
Үй |
||||
|
Округтік сайлау комиссиялары |
||||||
|
1 |
№ 1 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Александровка а. |
Жеңіс көш. |
31 |
1 |
|
2 |
№ 4 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Орловка а. |
1 Мамыр көш. |
38 |
1 |
|
3 |
№5 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Сосновка а. |
Молодежная көш. |
20 |
2 |
|
4 |
№6 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Шалдай а. |
Ленина а. |
41 |
1 |
|
5 |
№7 |
№3 Жалпы білім беру мектебінің ғимараты |
Шарбақты а. |
И.Ворушин көш. |
71 |
1 |
|
6 |
№8 |
№2 орта білім беру мектебінің ғимараты |
Шарбақты а. |
Чкалов көш. |
40 |
1 |
|
7 |
№10 |
№1 Жалпы білім беру мектебінің ғимараты |
Шарбақты а. |
Тәуелсіздік көш. |
46 |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
||||||
|
1 |
№ 437 |
№3 Жалпы білім беру мектебінің ғимараты |
Шарбақты а. |
И.Ворушин көш. |
71 |
1 |
|
2 |
№ 439 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Шарбақты а. |
Тәуелсіздік көш. |
26 |
3 |
|
3 |
№ 440 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Орловка а. |
1 мамыр көш. |
38 |
2 |
|
4 |
№ 442 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Заборовка а. |
Ленина көш. |
40 |
1 |
|
5 |
№ 462 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Жаңа- ауыл а. |
1 мамыр көш. |
32 |
2 |
|
6 |
№ 463 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Шегірен а. |
Тың көш. |
3 |
1 |
|
7 |
№ 464 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Есілбай а. |
Мәңгілік ел көш. |
32 |
1 |
|
8 |
№ 465 |
орта білім беру мектебінің ғимараты |
|
|
|
2 |
|
9 |
№ 472 |
№1 Жалпы білім беру мектебінің ғимараты |
Шарбақты а. |
Тәуелсіздік көш. |
46 |
1 |
|
10 |
№ 473 |
Жалпы білім беру мектебінің ғимараты |
Шарбақты а. |
Победа көш. |
81 |
1 |
Шарбақты аудандық мәслих
Ұсынымдарға 5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________ (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, № ___________________сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2026 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
|
1. |
|
әкесі |
|
2. |
|
анасы |
|
3. |
|
ұлы |
|
4. |
|
қызы |
|
5. |
|
ағасы |
|
6. |
|
әпкесі |
|
7. |
|
атасы |
|
8. |
|
әжесі |
|
9. |
|
немересі |
|
10. |
|
жұбайы (зайыбы) |