Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАМА

 Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының

шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы

ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес,  Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына аумақтық  мүшелердің сайланатыны туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 18 шілдеден бастап 2025 жылғы 4 тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді электрондық және қағаз форматта;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа жолданды.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 18 шілдеден 2025 жылғы 4 тамызға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

Все документы, представляемые в маслихат в бумажном формате, должны быть подписаны, заверены печатью, и содержать дату исполнения, отметку об исполнителе, с указанием фамилии, инициалов и номера его телефона.

Прием предложений по составу избирательных комиссий осуществляется с 2 августа 2024 года по 18 августа 2024 года с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:30 часов, перерыв с 13:00 до 14:30 часов.

 

Шарбақты аудандық мәслихаты

 

Г.К. Смаилханова  – Шарбақты аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі 51.

Жауапты тұлға- Динара Сағандыққызы Аубакирова, № 2 каб., қызметтік телефон нөмірі (871836) 21272, электрондық пошта мекенжайы - scherb.maslihat@mail.kz.

 

 

№

Сайлау учаскесінің нөмірі 

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

 

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекен- жайы

Бос орындар саны

Елді мекен

Көше

Үй

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

№

Сайлау учаскесінің нөмірі 

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекен- жайы

комиссия мүшелерінің саны

 

 

 

 

 

Елді мекен

Көше

Үй

 

1

2

3

4

5

6

8

1

 

 

 

 

 

 

               

 

Шарбақты аудандық мәслихаты

ХАБАРЛАМА Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы
Дата публикации
18 июля 2025