|
|
Шарбақты аудандық мәслихаттың
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 111/37 шешіміне
қосымша
|
Шарбақты аудандық мәслихатының
2025 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
I – тоқсан
- Шарбақты аудандық мәслихаты Төрағасының 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі.
- Шарбақты ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі.
- Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау жөніндегі жұмысы туралы.
II – тоқсан
- 2024жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы
- 2024 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.
III – тоқсан
- Аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау туралы есебі.
- «Шарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі есебі.
- Сосновка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі есебі.
IV – тоқсан
1 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі.
- Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Аудандық
мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
I - тоқсан
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, халықты жайылымдармен қамтамасыз ету туралы.
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.
- «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
II - тоқсан
- Шарбақты ауданында сумен жабдықтау объектілерінің жай-күйі және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы.
- Қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган
жүргізетін жұмыс туралы.
III - тоқсан
- Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасында тіл саясатын
дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жұмысының жоспарын бекіту туралы.
- Шарбақты ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың
істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы.
IV- тоқсан
- Шарбақты аудандық мәслихатының шешімдерін орындау туралы.
Әлеуметтік-экономикалық
даму мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған
ЖОСПАРЫ
I – тоқсан
- Шарбақты ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының берешекті төмендету және салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі жұмысы туралы.
- Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы.
II - тоқсан
- 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
- 2024 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.
III - тоқсан
- Шарбақты ауданындағы автомобиль жолдарының жай-күйі және ауылдарды жарықтандыру туралы.
- Әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау туралы.
IV - тоқсан
- Шарбақты ауданының 2026– 2028 жылдарға арналған бюджетінің
жобасы туралы.
- Шарбақты ауданының ауылдық округтері бюджетінің 2026 – 2028 жылдарға арналған жобасы туралы.