

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Павлодар қаласында ТБН-4 шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінің жобаларын талқылау бойынша Павлодар және Ақсу қалалары, Успен және Шарбақты аудандары облыстық қоғамдық кеңесінің азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Шарбақты Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бахтылы Калыбаева және заңдылы, әлеуметтік саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның мүшесі Николай Найманов белсенді қатысты.
Отырыстың күн тәртібі бойынша комиссия мүшелерінің сұрақтарына "Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Ербол Оспанов сөз сөйлеп, жауап берді.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері ұсынған ұсынымдарды орындау жөнінде шешім қабылданды.
Шарбақты Қоғамдық кеңесінің хатшысы К. Кокина.