«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау
«Шарбақты аудандықы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51, телефон 8(71836)21272, e-mail: scherb.maslihat@mail.kz. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-4 санаты.
Функционалдық міндеттері: Кадр жұмысын жүргізу, Е-қызмет жүйесінде жұмыс істеу, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу, конкурстық, тәртіптік және аттестаттау комиссияларының қызметін ұйымдастыру; БАҚ жөніндегі уәкіл; залды отырыстарға дайындау; сессиялардың хаттамаларын жүргізу; марапаттау бойынша жұмыс; аудандық мәслихаттың web сайтын және әлеуметтік желілерін жүргізу; мемлекеттік қызмет бойынша агенттікпен өзара іс-қимыл жасау; мемлекеттік рәміздерге жауапты; аудандық мәслихат өкімдерінің жобаларын дайындау; қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс; заңнамада белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін).
Конкурсқа қатысатын барлық қатысушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіптік білім, техникалық білім: білім (Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және/немесе орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі); бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе халықаралық құқық және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және / немесе құқықтану және/ немесе маркетинг және / немесе әлемдік экономика және / немесе мемлекеттік аудит және / немесе экономика және / немесе қаржы және / немесе есеп және аудит және / немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаларды басқару); бизнес, басқару және құқық (заңгер және/немесе бухгалтер); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері және/немесе тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (тілдер мен әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және / немесе психология және / немесе әлеуметтану және / немесе жұртшылықпен байланыс және / немесе мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету).
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 ж.10.04 – 2024 ж.16.04;
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 2024 ж.17.04 ;
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 ж.22.04;
Әңгімелесуді өткізу күні: 2024 ж.29.04.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.