ЖОБА
Шарбақты аудандық мәслихатының
(VIII сайланған кезектен XIІ тыс сессиясы)
ШЕШІМІ
Шарбақты ауылы № / 2023 жыл
Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы
«Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» № 90/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
осы шешіммен бекітілген Шарбақты аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережеде:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Белгіленген үлгідегі марапаттау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Марапаттау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.»;
6, 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Шарбақты аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және Шарбақты ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.
Аудандық
мәслихат төрағасы Г. Смаилханова