|
|
2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 136/38 Шарбақты аудандық
мәслихатының шешіміне қосымша
|
Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылға жұмыс
ЖОСПАРЫ
I – тоқсан
- Шарбақты аудандық мәслихаты Төрағасының 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі.
- Шалдай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі.
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы.
II – тоқсан
- 2022 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
- 2022 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.
III – тоқсан
- Аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау туралы есебі.
- Орловка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі есебі.
- Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
IV – тоқсан
- 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі.
- Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Аудандық
мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
I- тоқсан
- Шарбақты ауданында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы.
II- тоқсан
- Оқушылардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру жөніндегі жұмыс туралы.
- Шарбақты ауданындағы медициналық қызмет көрсету жағдайы туралы.
III- тоқсан
- Шарбақты ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын орындау туралы.
- Шарбақты ауданында Қосымша білім беруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс туралы.
IV- тоқсан
- Шарбақты аудандық мәслихатының шешімдерінің орындалуы туралы.
Әлеуметтік-экономикалық
даму мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2023 жылға арналған
ЖОСПАРЫ
I - тоқсан
- Аграрлық секторды субсидиялау және тұрақтандыру қоры мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы.
- «Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы.
II- тоқсан
- 2022 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
- 2022 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.
III- тоқсан
- Шарбақты ауданының аумағында объектілерді жөндеу және салу барысы туралы.
- Әлеуметтік сала объектілерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы.
IV- тоқсан
- Шарбақты ауданының 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.
- Шарбақты ауданының ауылдық округтері бюджетінің 2024 – 2026 жылдарға арналған жобасы туралы.