ХАБАРЛАМА Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

 

ХАБАРЛАМА

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданының мәслихаты 3 учаскелік сайлау комиссиясының қатарынан кейбір мүшелерінің шығарылуына байланысты, 11 округтік сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастырылатындығын хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 16 қаңтарына дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді, жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа жіберілген кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.          Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта болуы тиіс, қол қойылған, мөрмен расталған және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы керек.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтарға дейін дүйсенбіден жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

 

Шарбақты аудандық мәслихаты

 

Нурлыбек Сахипович Кизатов – Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы

 

Мәслихаттың орналасқан жері: Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51.

Жауапты тұлға – Меруерт Асембаевна Оспанова, № 2 кабинет, жұмыс тел. 8718 36 2 12 72,  электрондық мекен-жайы scherb.maslihat@mail.kz,

Шарбақты аудандық мәслихаты 11 аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін және 3 учаскелік сайлау комиссиясының кейбір мүшелерін сайлайды.

 

№ р/н

Сайлау учаскесінің номері

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

4

 

 

Аумақтық сайлау комиссиялары - 11

1.

№ 1

Александровка а., Жеңіс көшесі 31, АМҮ ғимараты

5

 

2

№ 2

Галкино а., Ленин көшесі 67, АМҮ ғимараты

5

 

3

№ 3

Хмельницкое а., Ленин көшесі 15, АМҮ ғимараты

5

 

4

№ 4

Орловка а., 1 Мая көшесі 38,  МҮ

5

 

5

№ 5

Сосновка а., Космодемьяновский көшесі  1, АМҮ

5

 

6

№ 6

Шалдай а., Ленин көшесі 37, АМҮ ғимараты

5

 

7

№ 7

Шарбақты а., Иван Ворушин көшесі 71, №3 мектеп

5

 

8

№ 8

Шарбақты а., Чкалов көшесі 40, Абай Құнанбаев атындағы мектеп

5

 

9

№ 9

Шарбақты а., Тәуелсіздік көшесі 26, АМҮ

5

 

10

№ 10

Шарбақты а., Тәуелсіздік көшесі 46,  гимназиялық сыныптары бар ЖББМ

5

 

11

№ 11

Шарбақты а., Победа көшесі 83, №2 НББМ

5

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары - 3

1

№ 446

Сынтас а., Ленин көш. ,68,  Северный негізгі мектебінің ғимараты;

1

 

2

№ 464

Есілбай а. , Школьная көш.,  Есілбай орта мектебінің ғимараты;

2

 

3

№ 472

Шарбақты а. , Тәуелсіздік көш., 46, гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты;

2

 

 

                                                   Шарбақты аудандық мәслихаты

 

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
30 декабря 2022