«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» ММ қызметінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтамасы
Шарбақты ауылы 2024 жылдың 14 қыркүйек
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына, сондай-ақ аппарат басшысының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 1-10-14 бұйрығының негізінде «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» ММ – де (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау жүргізу кезеңі:
2026 жылғы 11 қыркүйектен 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін.
Ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі: 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап — 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері:
1) аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер;
2) ұсынуға ҚР заңнамасымен рұқсат етілген өзге де мәліметтер.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Шарбақты ауданы мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 10/3 шешімімен бекітілген өзге де нормативтік құқықтық актілермен, «Шарбақты ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы бекітілген ережені өз қызметінде басшылыққа алады және жүзеге асырады.
Аппараттың функцияларына мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмектесу, мәслихат актілерін тиісінше ресімдеуді қамтамасыз ету, аудан мәслихатының қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асыру құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Аппарат жүзеге асыратын функциялар жоғарыда көрсетілген актілердің нормаларына сәйкес келеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталған жоқ
Аппараттың штат саны 10 бірлікті құрайды, оның ішінде:
мәслихат төрағасы – 1, мемлекеттік қызметші – 5, Техникалық персонал – 4.
Бірлескен қызметті (жұмысты) талдау кезінде жақын туыстары, жұбайлары жоқ.
Аппарат қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Қызметкерлерге демалыс беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Талданған кезеңде қызметкерлерді демалыстан шығару фактілері болған жоқ.
Персоналды басқару саласын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аппараттың қызметі даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Қаржыландыру көзі-жергілікті бюджет.
Материалдық көмек «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына және жұмыс беруші мен «Шарбақты мәслихатының аппараты» ММ 2023 – 2025 жылдарға арналған Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қызметкерлер ұжымы арасындағы ұжымдық шартқа сәйкес көрсетіледі.
Аппарат қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және «Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451қпү қаулысына сәйкес жүргізіледі,талданатын кезеңде қызметкерлерге заңсыз жалақы төлеу фактілері, сондай-ақ іссапар шығындары мен материалдық көмектің негізсіз төлемдері анықталған жоқ.
Аппарат қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде және өзге де интернет-ресурстарда қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Қорытынды:
Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:
Бас маман О. Голубева
Аппарат басшысы Д. Кирьянов