Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЫ

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

            Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. 

           Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары   2026 жылғы 8 мамырдан бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа жолданған өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы керек.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы керек.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды 2026 жылғы 8 мамырдан бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін дүйсенбі- жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 Шарбақты аудандық мәслихаты

 

Шарбақты аудандық мәслихатының  төрағасы -  Г.К. Смаилханова 

Мәслихаттың орналасқан жері:  Шарбақты ауылы,  Тәуелсіздік көшесі, 51 үй.

Жауапты адам – Динара Сагандыковна Аубакирова, каб. № 2, қызметтік телефон номері (871836)2-12-72,   электрондық пошта адресі - scherb.maslihat@mail.kz.

 

 

№

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

көше

Үй

Учаскелік сайлау комиссиялары

1

№ 438

Жалпы білім беру мектебінің ғимараты

Шарбақты а.

Чкалова көш.

40

1

3

№ 441

Мәдениет үйінің ғимараты

Красиловка а.

Ленина көш.

70

1

4

№ 442

Мәдениет үйінің ғимараты

Заборовка а.

Ленина көш.

40

1

5

№ 446

Жалпы білім беру мектебінің ғимараты

Сынтас а.

Женіс көш.

68

1

6

№ 448

Мәдениет үйінің ғимараты

Назаровка а.

Ленина көш.

6

1

7

№ 451

Мәдениет үйінің ғимараты

Малиновка а.

Мира көш.

7

1

8

№ 454

Мәдениет үйінің ғимараты

Хмельницкий а.

Ленина көш.

15

1

9

№ 459

Мәдениет үйінің ғимараты

Алексеевка а.

Первомайская көш.

51

1

10

№ 463

Мәдениет үйінің ғимараты

Шегірен а.

Тын көш.

32

2

                                                                                               Шарбақты аудандық  мәслих

 

 

 

 

 

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ
Дата публикации
08 мая 2026