Шалқар ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелігінен шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін бос орындарға Шалқар аудандық мәслихатының Х А Б А Р Ы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес,  1 округтік  және  10  учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған  мүшелерінің орнына  мүшелерін  сайлау  туралы  Шалқар аудандық мәслихаты хабарлайды.

             Шалқар  ауданындағы  округтік  және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған  мүшелерінің орны  туралы. (кесте қоса жалғанды)

            Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

            Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

             Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды .

            Саяси партиялар, өзгеде қоғамдық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы  комиссияларға  қатысты жоғары тұрған сайлау  комиссиялары

2025 жылғы 19 ақпаннан бастап 6 наурызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

            1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына  кандидатуралар  туралы  электрондық және  қағаз  форматтағы   мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының  шешімініен  үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы  мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың  өтініштері  мәслихат  сайтында орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам  Сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

           Сайлау комиссиясының мүшесі осы  комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23 бабының 3 тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын  қоспағанда, сайлау комисиясы құрамының жартысынан көбі сол  ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары,  бала асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілері (қарындастары) ,  аталары, әжелері, немерелері)  немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа қағаз форматта  ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының  тегі, аты-жөні  және оның  телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні  қамтуы тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2024 жылғы            6 наурызға  дейін  дүйсенбі-жұма аралығында сағ 09:00-18:30 сағат жүргізіледі, үзіліс          (12:30 -дан 14:00-ге дейін)

Шалқар ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелігінен шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін бос орындарға Шалқар аудандық мәслихатының Х А Б А Р Ы
Дата публикации
19 февраля 2025