Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

«Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ

қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін

анықтау бойынша ішкі талдау қорытындылары бойынша

талдамалық анықтама

 

2026 жылғы  01 ақпан                                                                         Сергеевка қ.

 

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағын, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа ала отыра, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты төрағасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 2-н «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес 2026 жылғы                   12 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы                    31 желтоқсан аралығында Мәслихат аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Үлгілік қағидалардың 11-бөліміне сәйкес Мәслихат аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Үлгілік қағидалардың 13-тармағына сәйкес, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметімен көтерілетін мәселелер:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Бірінші бағыт бойынша: - Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді зерттеу барысында  және жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша ішкі талдау мынаны көрсетті.

Мәслихат аппараты өз қызметінде:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығын;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын;

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңын;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңын;

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29/3 шешімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені басшылыққа алады.

Сонымен қатар, Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Шал ақын ауданының мәслихаты мәслихаттың 11 сессиясын өткізді, онда 121 шешім, оның ішінде 69 нормативтік құқықтық акті (мемлекеттік тіркеуге жататын және өткен 4 нормативтік құқықтық акті) қабылданды.

Аудандық мәслихаттың төрағасы көрсетілген кезеңде 90 өкім қабылдады, оның ішінде: жеке құрам бойынша 58 және негізгі қызмет бойынша 32.

 Қазіргі уақытта аудандық мәслихатта мәслихат аппаратының қызметіне қатысты құқықтық нормалар қамтылған мынадай нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

  • «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 23/15 шешімі;

- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы          17 қаңтардағы № 29/3 шешімі.

Талданатын кезең ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту бойынша аудандық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізілді: Мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Агенттігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет істері бойынша төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының      2025 жылғы 28 шілдедегі № 121 бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Сондай-ақ, Мәслихат аппаратында мемлекеттік мекеменің ведомствоаралық қызметі мәселелеріне қатысты мынадай құқықтық актілер (мәслихат төрағасының өкімдері) қолданылады:

- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек тәртіптемесінің Қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты төрағасының 2023 жылғы 04 мамырдағы № 19-н өкімі;

- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметтік іссапарларға жіберу және олардың шығыстарын өтеудің ішкі тәртібін бекіту туралы»  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты төрағасының           2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 34-н өкімі;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы Ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты төрағасының 2023 жылғы 09 тамыздағы № 25-н өкімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезінде, мәслихат аппаратының қызметін іске асыру жөніндегі қызметте, жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді, мәслихат аппаратының қызметіне қатысты аудандық мәслихат төрағасының өкімдерін және Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерін қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Екінші бағыт бойынша - Мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

Мәслихат аппаратының штаттық саны 8,5 адамды құрайды, соның ішінде 5 бірлік – мемлекеттік қызметшілер, 1 бірлік – аудандық мәслихаттың төрағасы (сайланбалы лауазым); 2,5 бірлік – еңбек келісімшарты бойынша қызметкерлер (басшының хатшысы және жүргізуші – толық ставкалар, 0,5 әдіскер ставкасы); мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5 бірлік.

Қазіргі уақытта жүргізушінің лауазымы – бос орын.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты депутаттар арасынан сайланатын аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Аппарат құрылымы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының сессиясында бекітіледі. Мәселен, 2026 жылға Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны мәслихаттың 2025 жылғы        18 желтоқсандағы № 36/6 шешімімен бекітілген.

Мәслихат аппаратының құрылымына: аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшенің басшысы және 3 бас маман кіреді.

Қазіргі таңда, Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны бекітілген штат санына сәйкес келеді.

Талданатын кезең ішінде бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілмеді.

Өздерінің жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау үшін қаржылай бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында Мәслихат аппаратының барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданды, сондай-ақ қызметшілермен және олардың жұбайларымен мемлекеттік кірістер органдарына декларациялар уақтылы ұсынылды.

Мәслихат аппаратында: жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы); лауазымды адамдар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

Сонымен қатар, Мәслихат аппаратында коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері жоқ.

Мәслихат аппараты қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау фактілері де болған емес.

Аталған кезеңде Мәслихат аппаратының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Мәслихат аппаратында аудандық мәслихат төрағасының бұрынғы өкімімен бекітілген әрі мемлекеттік қызметшілер танысқан мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әрекет етеді. Бұл стандарт Шал ақын ауданы мәслихатының ресми сайтында орналастырылған.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, кадр жұмысының нәтижелері негізінде Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталған жоқ.

2) мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша:

Талданып отырған кезеңде Мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін талдау мақсатында Мәслихат аппаратында жылына екі рет мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қатысатын анонимді сауалнама жүргізіледі.

Сауалнама деректері ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың қанағаттанарлық екенін, қызметкерлер мен басшының арасындағы қарым-қатынастың құрметпен қарайтынын, қызметшілердің мінез-құлқының этикалық және моральдық жақтарын сақтайтынын көрсетті.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережеге сәйкес Мәслихат аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсетуге (ұсынуға) өкілеттік берілмеген.

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:

Мәслихат аппараты лицензия және рұқсат ету сипаты бар басқа да құжаттарды беру құзыретіне ие емес.

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:

КММ Ережесіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат аппараты бақылау және қадағалау функцияларына ие емес.

 6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу мәселесі бойынша:

 2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 51 274 мың теңге бөлінді, 51 264,5 мың теңге игерілді, 9,5 мың теңге игерілмеді: жинақтау есебінен 0,5 мың теңге игерілмеді, 9 мың теңге (АБ-тен трансферттер) – жүргізушінің бос орнына байланысты.

Бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттің атқарылуы туралы есептер «Ашық бюджеттер» порталында және мемлекеттік орган сайтында уақтылы орналастырылады.

Бюджет қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

Баланста бар тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын түгендеу жүргізіледі.

7) жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасасу мәселесі бойынша;

2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 39 келісімшарт жасалды, оның ішінде:

- тікелей келісімшарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен - 11;

- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 15;

- баға ұсыныстарын сұрату – 7;

 - электрондық дүкен - 6.

 Келісімшарттар жасасу кезінде Тараптардың бірі екіншісіне бақылайтын немесе әсер ететін байланыс анықталмайды.

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану мәселесі бойынша;

Ережеге сәйкес Мәслихат аппараты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы Ақпараттық жүйелерді әзірлеу Мәслихат аппаратының құзыретіне кірмейді.

Мәслихат аппаратында ақпараттық-технологиялық, нормативтік-құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

- электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ) арқылы құжаттарды дайындау, келісу және тарату;

- аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП) арқылы келісу, мемлекеттік тіркеу;

- «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі кадр мәселелері бойынша жұмыс.

Аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде олармен жұмыс істеуде бұзушылықтар мен кемшіліктер байқалмады.

9) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

2025 жылы аудандық мәслихатқа жазбаша өтініш беру арқылы 12 жеке және заңды тұлға жүгінді.

Келіп түскен өтініштер әртүрлі сипатта болды, бұл ретте олар заңнамаға сәйкес не мәселені түсіндіру және оң шешу жолымен қаралды және шешілді.

Барлық өтініштер азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (e.Otinish) арқылы белгіленген тәртіппен тіркелген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері Мәслихат аппараты басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өткен жөн.

Аудандық БАҚ-та, Мәслихат аппаратының сайтында және қабырғасында мәслихат төрағасының, депутаттардың және Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдауы туралы кесте орналастырылған, сондай-ақ тоқсан сайын сенім телефоны туралы мәліметтер орналастырылады.

Мәслихат аппаратында ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың құқықтық нормаларын, сондай-ақ мәслихат аппаратының функционалдық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, түсіндіру бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі.

Мәслихат аппаратының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері дер кезінде біліктілікті арттырудан өтеді. Есепті кезеңде: мәслихат төрағасы және    2 мемлекеттік қызметші «СҚО бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында біліктілікті арттыру курсынан өтті; мәслихат төрағасы мемлекеттік және жергілікті басқару Институтының Қазақстан Республикасы мәслихаттарының оқу орталығында семинарлық сабақтарға қатысты. 2025 жылғы қазан айында мәслихат төрағасы және 2 мемлекеттік қызметші аудандық мәслихат депутаттары мен аппараттардың қызметкерлерімен өткен 2 күндік практикалық тренингке қытасты.

Сондай-ақ, Аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері жасанды интелектті тиімді қолдану бойынша AI Qyzmet базалық курсынан өтті, оның соңында барлық қызметкерлер сертификат алды.

Осы талдау барысында Мәслихат аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Қорытынды: жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ұйымдастыру-басқару қызметінде және Мәслихат аппаратының ведомствоішілік жұмыс істеуіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдануда жұмыс тобы қорытындыға келді:

- Мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;

- Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар жоқ.

 

Ұсыныстар:

 

  1. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыруда қолданыстағы нормативтік құқықтық реттеудің тиімділігі үшін мәслихат аппаратының қызметіне қатысты құқықтық актілердің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыру.
  2. Мемлекеттік органның ұйымдастырылуы мен қызметінің негізін құрайтын негізгі функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілерін уақтылы зерделеп, заңды түрде қолдану.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты іс-шаралар өткізу.

 

 

          Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                       Қ. Жанғожинов

 

  

Келісілді,

жұмыс тобы:

 

_____________ Г. Ясеновская

 

_____________ С. Қожахметова

 

_____________ Т. Комогаева

 

Дата публикации
02 февраля 2026
Дата обновления
02 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
27 апреля 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы
Ақпарат
06 апреля 2026
Шал ақын ауданының Қоғамдық кеңесіне мүшелер сайлау бойынша қосымша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
Ақпарат
02 февраля 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы