2025 жылғы 9 қазанда Шал ақын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджетіне және 2025-2027 жылдарға арналған Арай, Новопокровка, Семипол ауылдық округтерінің бюджеттеріне ұсынылған өзгерістерді бекітті. Сессия басталғанға дейін тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында бұл мәселе егжей-тегжейлі пысықталды. Аудандық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 94, 96-баптарына сәйкес жүргізілді. Аудандық бюджетті нақтылау көздері облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен нақтылау болып табылады.
Одан әрі сессияда депутаттар әкімдіктің дербес құрамын және Шал ақын ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізуді келісті.