Әңгімелесу аудандық мәслихат хатшысының кабинетінде (2 қабат, каб.201) 2021 жылғы 18 наурызда сағат 11.00-де: Сергеевка қ., Победа к-сі 35 өтеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың E-4 санатындағы әңгімелесуіне жіберілген кандидаттардың тізімі.
19.03.2021 ж.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс комиссиясының шешімі:
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бойынша бас маманы, E-4 санаты 2021 жылғы 18 наурыз.:
Қожахметова Сәуле Жанәбілқызы оң қорытынды алып, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ ұйымдастыру және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы лауазымына қабылдауға ұсынылды, E-4 санаты.
02.03.2021 ж.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты, 151300, Сергеевка қ., Победа к., 35, № 203 кабинет, анықтама телефоны 8(71534)20675, факс 8(71534)20675, электрондық пошта shn-maslihat@sqo.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бойынша бас маман. Әкімшілік мемлекеттік лауазымның санаты E-4. Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Тұрақты комиссиялардың жұмыстарын, оларды жоспарлауда және отырысқа материалдар дайындауды жүргізу және ұйымдастыру. Сессиялардың шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындауларына бақылау ұйымдастыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кадрлық іс-қағаздарды іске асыру. «Е-қызмет» персоналмен басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесін жүргізу. Мәслихат хатшысы және аппарат басшысы берген басқа да тапсырмаларды іске асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: Жоғары: «Құқық», «Білім», «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша. Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Құқық», «Білім», «Сервис, экономика және басқару» бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Кандидатта:
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясы хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық почта мекенжайына электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының www.maslihat-shn.sko.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің gov.egov.kz. интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ-де өтеді, конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күн өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекен-жайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) хабарлайды.
Хабарлама конкурстың өтуі туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электрондық пошта бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналмен басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
| Бос орындардың атауы | Бос орын қай кезден бастап қалыптасты | Бос орынды толтыру бойынша жүргізілген немесе өткізілген жұмыс | Қалыптасқан бос орын бойынша ақпарат алу үшін байланыс телефоны | Ескерту |
| Бас маман — бухгалтер — 1 бірл., әкімшілік мемлекеттік лауазым санаты | 06.01.2020 г. | 8(71534)20122 8(71534)20675 8(7152)500321 |
Негізгі жұмысшының жұмысқа шығуына дейін — 06.01.2022 г. |
«Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттiк мекемесiнде аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiмен Ар-намыс кодексiн бұзу деректерi туралы хабарлау үшiн +7(71534)2-12-54 телефоны жұмыс iстейдi.
Мекен-жайы: 151300, Сергеевка қ., Победа көшесi, 35
Телефон/факс: +7(71534)2-12-54