2026 жылы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына енгізілетін негізгі мәселелер ТІЗБЕСІ

Шал ақын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының

2025 жылғы 18  желтоқсандағы   

хаттамасына

№ 1-қосымша

 

2026 жылы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының

бірлескен отырыстарына енгізілетін негізгі мәселелер

Тізбесі

 

1-тоқсан

 1. Шал ақын ауданының тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы.

2 . Ауданда су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу жөнінде жұмысты ұйымдастыру.

3. Ауданның білім беру мекемелерінде оқушылар үшін сапалы тамақтану ұйымдастыру туралы.

 

2-тоқсан

 

  1. Коммуналдық меншікті басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  2. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы.
  3. Аудан аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық күтімді жақсарту жөніндегі шаралар мен жай-күйі туралы.

 3-тоқсан

 

  1. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жай-күйі мен келешегін жақсарту жөніндегі жұмысы туралы.
  2. Ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
  3. Жалпы білім беретін мектептерді материалдық-техникалық жарақтандырудың жай-күйі және ағымдағы кезеңдегі оқу бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту бойынша білім беру мекемелерінің жұмысы туралы.

 4-тоқсан

 

  1. Сухорабовский және Жанажол ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есеп.
  2. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жай-күйі мен келешегін жақсарту жөніндегі жұмысы туралы.
  3. Депутаттарының сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру туралы есептері.
  4. Тұрақты комиссияның 2027 жылға арналған жұмыс жоспары.

 

 

 

 

 

 

план работы
Дата публикации
12 января 2026