Шал ақын ауданы мәслихатының
2025 жылғы 18 желтоқсандағы
XXXVI сессиясының
шешіміне
№ 1 қосымша
2026 жылы аудандық мәслихат сессияларының
қарауына енгізілген негізгі сұрақтардың
Тізбесі
I-тоқсан
Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы қызметін ұйымдастыру туралы есеп.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Шал ақын ауданында іске асырылу барысы туралы.
- 3. Кезектен тыс сессия (қажеттілігіне қарай).
II – тоқсан
1.2025 жылғы Шал ақын ауданы бюджетінің орындалуы туралы.
- 2025 жылғы Сергеевка қаласы мен ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы.
- Экономиканы дамыту және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Кезектен тыс сессия (қажеттілігіне қарай).
ІІІ-тоқсан
Аютас және Юбилейный ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
- Аудандық мәслихат сессияларының шешімдерінің және оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстардың орындалуы туралы және Шал ақын ауданы мәслихатының депутаттары жергілікті мемлекеттік органдарға, мекемелер мен ұйымдарға жіберген депутаттық сауалдарды қарау туралы.
- Кезектен тыс сессия (қажеттілігіне қарай).
IV- тоқсан
- 2026 жылы аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- 2027-2029 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы.
- Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы.
- Әлеуметтік саланы және заңдылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Шал ақын ауданы мәслихатының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.