2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы

2025-2027 жылдарға арналған

Шал ақын ауданының бюджетін

бекіту туралы

 

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 334 720 мың теңге:

салықтық түсімдер – 808 956 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 23 499 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 21 236 мың теңге;

трансферттер түсімі  –  6 481 029 мың теңге;

2) шығындар – 7 334 720 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 878 мың теңге:

бюджеттік кредиттер –  7 864 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 986 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 878 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               878 мың теңге:

қарыздар түсімі – 7 864 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 986 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған  аудандық бюджеттің  кірістері  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салықтан;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салықтан;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

4)  аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығынан;

5) бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға ақцизден;

6)  аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысынан;

7) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақысынан;

8) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алымнан;

9) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баждан.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрылады деп белгіленсін:

аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдерінен;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;

аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылардан;

аудандық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.

  1. Аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.
  2. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенция түсімі 1 912 364 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Аудандық бюджеттен 2025 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 817 536 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Арай ауылдық округіне – 183 103 мың теңге;

Афанасьев ауылдық округіне – 12 000 мың теңге;

Аютас ауылдық округіне – 12 912  мың теңге;

Городецк ауылдық округіне – 135 996 мың теңге;

Жаңажол ауылдық округіне – 12 000 мың теңге;

Новопокров ауылдық округіне – 162 269  мың теңге;

Приишим ауылдық округіне – 8 424 мың теңге;

Семипол ауылдық округіне – 271 332 мың теңге;

Сухорабов ауылдық округіне – 7 500 мың теңге;

Юбилейный ауылдық округіне  – 12 000 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсімі ескерілсін.
  2. Бюджеттің төртінші деңгейдегі аудандық бюджетінен ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.

Аталған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2025 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін.

Аталған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен нысаналы даму трансферттерінің түсімі ескерілсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көрсетілген нысаналы даму трансферттерін бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте Сергеевка қаласының бюджетінен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі 27 105 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2025 жылға ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 21 912 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2025 жылға жергілікті атқарушы органның қарыз лимиті 6 986 мың теңге сомасында белгіленсін.
  4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы                          

       Шал ақын ауданы

  мәслихатының төрағасы                                                             Қ. Жанғожинов

Дата публикации
03 февраля 2025