«Қоғамдық кеңес туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6-тармағына сәйкес Шал ақын ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы кеңес мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің қызметі барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдауда коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету, мемлекеттің халық алдында есеп беруін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл ретте, Қоғамдық кеңестің мүшелері өз жұмысында мынадай жұмыс түрлерін қолданады: қоғамдық тыңдаулар және мониторинг, сараптама жүргізу және қоғамдық маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік органның есебі. Қоғамдық кеңестің ұсыныстары мемлекеттік органдармен міндетті қарастыруға жатады және олар бойынша дәлелді жауаптар береді.
Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Жұмыс тобымен Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 11 адам болып анықталды. Бұл ретте, «Қоғамдық кеңес туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отыра мемлекеттік органнан өкілдік ету Қоғамдық кеңес құрамында 3 адам болып анықталған, ал коммерциялық емес ұйымнан және азаматтар арасынан өкілдік ету 8 адам болып табылады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұруға міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың бар не жоқ екендігі туралы анықтама:
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» КММ-де жұмыс істейді. Конкурсқа қатысу туралы ұсыныстар хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады, үміткерлер бойынша құжаттарды 151300, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Победа к. 35 203 каб. мекен жайына немесе mas_sal@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет. Анықтама үшін телефондар: 8(71534)20675, 500321.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобы.