2025 жылы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына енгізілетін негізгі мәселелер ТІЗБЕСІ

Шал ақын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының

2024 жылғы 25 желтоқсандағы   

хаттамасына

№ 1-қосымша

2025 жылы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының

бірлескен отырыстарына енгізілетін негізгі мәселелер

Тізбесі

1-тоқсан

 

  1. Шал ақын ауданының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасы және оны жақсарту бойынша қабылданатын шаралар.
  2. «Шал ақын ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ атқарған жұмысы туралы есебі.
  3. Ауданда су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу жөнінде жұмысты ұйымдастыру.

2-тоқсан

 

  1. Жазғы демалысты ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  2. Шал ақын ауданында спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту туралы.
  3. Ауданның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты орындау.
  4. Ауданның ветеринариялық қызметінің ветеринария саласында қабылданатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар туралы, оның ішінде қаңғыбас иттерді аулау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есебі.

 3-тоқсан

 

  1. Сухорабов, Афанасьев, Городецк және Новопокров ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есебі.
  2. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру және сумен жабдықтау объектілерін іске қосу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
  3. Аудандағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметі туралы.

 

 4-тоқсан

 

  1. «Шал ақын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс бөлімі»КММ атқарған жұмысы туралы есеп.
  2. «AMANAT» партиясы және «Ауыл» ХДПП депутаттарының сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру туралы есептері.
  3. Тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 января 2025