Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламенті

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы мәслихатының

2023 жылғы 5 мамырдағы

№ 3/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы мәслихатының

2022 жылғы 17 ақпандағы

№ 18/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы мәслихатының регламенті

 1 тарау. Жалпы ережелер

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының осы регламенті (одан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (одан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың                        атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы                     есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды,           сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты (жергілікті өкілетті орган) (одан әрі – мәслихат) – Шал ақын ауданының халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды тұлға құқығын иеленбейді.
  3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

2 тарау.  Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі

  1. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.

         Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды. Сессия, осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырумен жалпы отырыс нысанында өткізіледі.

         Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында мәслихат белгілеген мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы    мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.

          Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін мәслихат төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етеді.

       Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.

Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде төтенше жағдай режимі жарияланған немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарлары жойылған кезде сессия бейне-конференц-байланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

  1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын депутаттардың осы мәслихат үшін белгіленген санының кемінде төрттен үш бөлігі болған кезде, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күндік мерзімнен кешіктірмей аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
  2. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және оны мәслихат төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға депутаттар қатарынан мәслихат төрағасының кандидатурасын енгізуді ұсынады, ол бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру жүргізіледі. Депутаттардың жалпы санының көпшілік даусын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
  3. Мәслихат шешімдерді дауыс беру арқылы қабылдайды.

Дауыс беру:

1) дауыстарды санаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып, ол болған кезде;

2) қол көтеру арқылы;

3) бюллетеньдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.

 Депутаттардың дауыс беруді өткізу үшін қажетті саны болмаған кезде мәслихат төрағасы не оның орнындағы адам кворумды қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда төрағалық етуші дауыс беруді мәслихаттың келесі отырысына қалдырады.

Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.

Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін мәслихат төрағасы немесе оны алмастыратын адам дауыс беруге қатысқан, «иә», «қарсы» дауыс берген, қалыс қалған адамдардың санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жария етеді. Деректер мәслихат отырысының хаттамасына енгізіледі.

Мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар қалай қабылданса, сондай дауыс беру арқылы жүргізіледі.

  1. Мәслихаттың кезекті сессиясы мәслихат төрағасының шешімімен жылына кемінде төрт рет шақырылады және оны мәслихат төрағасы жүргізеді.

Кезекті сессияларды өткізуді мәслихатпен  сессияда жоспарланады.

  1. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ тиісті аумақ әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат төрағасы шақырады және жүргізеді.

Кезектен тыс сессия кезектен тыс сессияны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.

  1. Мәслихаттың төрағасы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның өткізілетін орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа, әкімге тиісті мәслихаттың ресми интернет-ресурсында көрсетілген ақпаратты орналастыру арқылы хабарлайды.

Ақпарат сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын тиісті мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

Мәслихат төрағасы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды қағаз немесе электрондық түрде депутаттарға және әкімге сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын табыс етеді.

  1. Регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында және мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру кезеңінде депутат негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ көрсетілген қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақытын ескере отырып, сессияларды, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстарын өткізуге босатылады.
  2. Сессияның күн тәртібін мәслихаттың жұмыс жоспарының, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттық фракция, депутаттық топтар мен депутаттар, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі енгізетін мәселелердің негізінде мәслихат төрағасы қалыптастырады.

Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды мәслихат төрағасына жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсынуы мүмкін.

Сессияның күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Мәслихат сессияның күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.

Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша бөлек өткізіледі. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

  1. Сессияға енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау үшін мәслихат төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімімен келісім бойынша сессияны дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын уақтылы әзірлейді және бекітеді.
  2. Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың сессияларына Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының, Сергеевка қаласының және ауылдық округтердің әкімдері, жұмысы сессияда қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары шақырылады. Сессияларға мәслихатының шақыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
  3. Мәслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшін мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясының жұмысына араласуына, мәслихат сессиясының шешімдерін қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіруіне жол берілмейді.

Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, мәслихат төрағасының шешімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.

  1. Мәслихаттың отырыстары мәслихат айқындаған уақытта өткізіледі.

         Мәслихат төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.

  1. Мәслихат отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және отырыстарды өткізу тәртібі бойынша, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшін сөз сөйлеу регламентін мәслихат айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, мәслихат төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі депутаттық сауалдар, түсіндірме және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеу сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.

 Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс беруімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде, мәслихат төрағасы  сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететіндігін анықтайды.

  1. Отырысты өткізу тәртібі бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң кезектен тыс беріледі. Мәслихат төрағасы анықтама, депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.

Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар мәслихат төрағасына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.

3 тарау.  Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі

  1. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, мәслихат өз құзыретінің мәселелері бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
  2. Шешімдердің жобалары мәслихат аппаратының басшысымен мәслихат төрағасына беріледі.

Сессияның төрағасы немесе мәслихат төрағасы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті материалдарымен бірге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жолдайды.

Тиісті аумақтың бюджеті туралы шешімнің жобасын дайындау осы Регламенттің 29-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тиісті атқарушы органның ұсынымы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.

  1. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдері, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.
  2. Сессияға мәселе дайындауға қатысатын тұрақты комиссиялар арасында келіспеушіліктер болған кезде комиссиялардың төрағалары және мәслихат төрағасы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келіспеушіліктер мәслихат депутаттарының назарына жеткізіледі.
  3. Сессияда мәселені қараған кезде шешімдердің жобаларына жауапты комиссияның (жұмыс тобының) немесе депутаттық фракцияның негізгі баяндамасы, ал қажет болған жағдайда мәселені қарауға қатысатын басқа да комиссиялардың (жұмыс топтарының) немесе депутаттық фракциялардың қосымша баяндамасы тыңдалады.

Шешімдер жобаларына жауапты комиссияның (жұмыс тобының) немесе депутаттық фракцияның баяндамасында шешімдердің жобаларына енгізілген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.

Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобасы бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.

  1. Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіле отырып, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.

Рәсімдік мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы, жеке шешім қабылданбай, хаттама арқылы қабылданады және отырыс хаттамасында тіркеледі.

Рәсімдік мәселелер: отырысты жүргізу тәртібі, мәселелерді талқылау кезектілігі, жарыссөзді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәсілі, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта санау, бұрын қабылданған шешімдерге қайта оралу және (немесе) қаралатын мәселелер бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы мәселелер болып табылады.

  1. Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.

Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.

  1. Мәслихат шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады:

1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;

2) негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа салынады;

3) сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.

  1. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін мәслихат төрағасы не оны алмастыратын адам айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік бере отырып немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.

Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі.

Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.

  1. Жоспарлардың, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердің, аумақты басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатын басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің түсіндірме жазбасы мен тиесілілігіне қарай келісу бұрыштамалары қоса берілген барлық қажетті материалдары қоса берілген қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті сессияға дейін үш аптадан кешіктірілмей енгізіледі.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттың қарауына енгізілуі мүмкін.

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы және ауылдық округтері бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихат не мәслихаттың төрағасы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі мәслихаттың уақытша комиссиясын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және Сергеевка қалалары мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін.

Мәслихат төрағасы бюджет жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті комиссиялардың атына бюджет жобасы бойынша қорытынды дайындау үшін қажетті мерзімдерді көрсете отырып тапсырма жібереді.

Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен, есептермен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы және ауылдық округтер бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сессия басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын мәслихат төрағасына ұсынады.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бюджетін Солтүстік Қазақстан облысының бюджетін бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихат бекітеді. Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін мәслихат бекітеді.

Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерін мәслихаттың жекелеген шешімдерімен бекітуге жол беріледі.

  1. Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгізілген жағдайда, материалдарды ұсыну Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бюджеті нақтыланған кезде, мәслихаттың кезектен тыс сессиясында оны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

4 тарау. Есептерді тыңдау тәртібі

  1. Мәслихат Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің мәслихат отырысында депутаттар алдындағы жыл сайынғы есебін тыңдау күн тәртібі бойынша мәслихат төрағасының не оны алмастыратын адамның қысқаша кіріспе сөзінен басталады.

Мәслихат төрағасының не оны алмастыратын адамның сөзінен кейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкіміне сөз беріледі.

Әкімнің баяндамасында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлерді дамыту бағдарламаларының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Есеп беруден кейін депутаттар сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірін айтуға құқылы.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың қарауына енгізіледі.

  1. Отырыс аяқталғаннан кейін мәслихат төрағасы не оны алмастыратын адам мәселені дауыс беруге қояды:

1) әкімнің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) есебін бекіту туралы;  

2) есептің қабылданбауы және оны қайта тыңдау қажеттігі туралы хабардар етуге міндетті.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) есебін қайта тыңдау қабылданбаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) пысықталған есебі қабылданбаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей мәслихатқа енгізіледі.

  1. Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені мәслихаттың қарауы үшін негіздер болып табылады:

1) әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысының Сергеевка қаласының және ауылдық округтің әкімін қызметінен босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы.

Сергеевка қаласының, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.

  1. Мәслихат - мәслихат төрағасының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есептерін тыңдайды.

       Мәслихат төрағасы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара           іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.

         Мәслихат сессиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.

  1. Солтүстік Қазақстан облысының тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды.
  2. Мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.
  3. Мәслихаттың есебін халыққа жылына кемінде бір рет жергілікті қоғамдастықтың жиындарында мәслихаттың төрағасы не оны алмастыратын адам не тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар тобы ұсынады.

Мәслихат төрағасын не оны алмастыратын адамды не халық алдындағы тұрақты комиссиялар төрағасын тыңдау күн тәртібі бойынша тиісті аумақ әкімінің қысқаша кіріспе сөзімен басталады.

Тиісті аумақтың әкімінен кейін сөз мәслихат төрағасына не оны алмастыратын адамға не тұрақты комиссиялардың төрағасына беріледі.

Есеп беруден кейін халық сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірлерін айтуға құқылы, олар хаттамаға енгізіледі.

Есеп беру кездесулерінің хаттамаларын мәслихат аппаратының басшысы дайындайды және оған мәслихат төрағасы не оны алмастыратын адам не тұрақты комиссияның төрағасы қол қояды.

5 тарау. Депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі

  1. Мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүгінеді.
  2. Сессия басталғанға дейін енгізілетін депутаттық сауалдар мәслихат төрағасына беріледі және оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Депутаттық сауалдың көшірмесін ол жолданған органға немесе лауазымды адамға оны алғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәслихат төрағасы жібереді. Сессияны өткізу барысында енгізілетін депутаттық сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі.
  3. Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелермен байланысты емес депутаттық сауал күн тәртібіне дербес мәселе ретінде енгізіледі не сессия жұмысының соңында бұл үшін арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін депутаттық сауалдармен және мәселелермен айналысу үшін уақыт резерві көзделетіндей етіп айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс басқа да мәселелерге байланысты депутаттық сауалдар күн тәртібіне енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті мәселе бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария етеді.
  4. Мәслихат депутаттық сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сессияның күн тәртібі бекітілгенге дейін депутаттық сауалдарды енгізген депутаттар кері қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін депутаттық сауалды қараудан алып тастау мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Депутаттық сауалдар сессияның хаттамасына қоса беріледі.
  5. Депутаттық сауалға жауап жазбаша нысанда ұсынылады, оған осы Регламенттің 40-тармағында көрсетілген адамдар немесе атына депутаттық сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде қол қояды.

Депутатқа депутаттық сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі. Прокурордың атына берілген депутаттық сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.

        6 тарау.  Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары және

өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері

 1 параграф. Мәслихат төрағасы

  1. Мәслихаттың бірінші сессиясында депутаттар мәслихат төрағасының лауазымына кандидатуралар ұсынады, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін лауазымды адам болып табылады.

Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусын алса, кандидат мәслихаттың төрағасы лауазымына сайланды деп есептеледі.

Егер мәслихат төрағасының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.

Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайта сайлау өткізіледі.

Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.

Мәслихат төрағасы өкілеттіктерін Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

  1. Мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады, ол мәслихат сессиясында кезекті шақырылымның бүкіл мерзіміне айқындалады.
  2. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
  3. Мәслихат төрағасының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жаңа төрағаны сайлау Заңда және осы Регламентте белгіленген тәртіппен өткізіледі.

2 параграф. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары


  1. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде функцияларды жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың мүшелерін депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы мәслихат сайлайды.

Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамын мәслихат төрағасының ұсынысы бойынша мәслихат айқындайды.

Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.

Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.

  1. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Заңмен және осы регламентпен айқындалады.
  2. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді сессияларда қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың төрағасы уақытша комиссиялар құра алады. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын мәслихат оларды құрған кезде айқындайды.
  3. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады.

Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.

Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.

Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілік тыңдаулар өткізілгенге дейін бір ай бұрын алдағы көпшілік тыңдаулардың тақырыбын, өткізілетін күні мен уақытын халықтың назарына жеткізеді.

Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Көпшілік тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.

Көпшілік тыңдауларда тұрақты комиссияның депутаты сөз сөйлегеннен кейін сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді.

Комиссия депутатының баяндамасына сөз сөйлеу қорытындылары бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер көпшілік тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.

Көпшілік тыңдаулардың хаттамасын мәслихат аппаратының қызметкері дайындайды және көпшілік тыңдауларда төрағалық еткен депутат қол қояды.

  1. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпияға жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте, ашық болады.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттілігіне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда – тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.

3 параграф. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

  1. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.

Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына екіден көп кандидат ұсынылып, олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.

Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайта сайлау өткізіледі.

Егер комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған жағдайда, егер осы Регламенттің 60-тармағында өзгеше көзделмесе, мәслихатының шешімі бойынша оның өкілеттігін мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.
  2. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Регламентке және мәслихат шешіміне сәйкес жүзеге асырады.

4 параграф. Мәслихаттың есеп комиссиясы

  1. Мәслихат не мәслихаттың төрағасы уақытша, оның ішінде есептік комиссиялар құруға құқылы. Есеп комиссиясының құрамын, міндеттерін және өкілеттік мерзімдерін мәслихат айқындайды.

Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан тақ санды құрайтын есеп комиссиясының құрамын сайлайды.

Мәслихат осы комиссияның құрамына мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін қосуға құқылы.

  1. Ашық дауыс беру өткізілген кезде есеп комиссиясы дауыс беру және оның қорытындысын шығару процесін ұйымдастырады.

Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

Ашық дауыс беру басталар алдында мәслихат төрағасы дауысқа түсетін ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқиды.

  1. Мәслихат төрағасын сайлау үшін жасырын дауыс беру өткізілуі мүмкін. Мәслихат төрағасының шешімі бойынша жасырын дауыс беру өзге де мәселелер бойынша өткізілуі мүмкін.

Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін санақ комиссиясы белгілейді және оны санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.

Бюллетеньдер беру тікелей дауыс беру алдында жүргізіледі, олар есеп комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен, отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде дайындалады және есеп комиссиясының төрағасы қол қояды.

Әрбір депутатқа есеп комиссиясының төрағасы қол қойған бір бюллетень беріледі. Бюллетеньдердің жалпы саны мәслихат депутаттарының тізімдік құрамының санынан аспауға тиіс.

Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мәслихат депутаттарына олар депутат куәлігін көрсеткен кезде беріледі.

Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер есептеу кезінде есепке алынбайды.

Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер, ал лауазымды адамдарды сайлаған кезде – бір қызметке бір кандидатурадан артық белгіленген бюллетеньдер де жарамсыз деп есептеледі. Бюллетенге қоса тіркелген тегі дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды. Шешімнің біреуден артық жобасы белгіленген бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі.

Толтырылмаған бюллетеньдер және барлық кандидаттардың тектері белгіленбеген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауыстарды санаған кезде есепке алынбайды.

Санақ комиссиясы дауыс беруге арналған жәшікті дауыс беру аяқталғаннан кейін ашуға тиіс. Жәшікті дауыс беру аяқталғанға дейін ашуға тыйым салынады.

Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.

Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутатының кейінірек дауыс беруге құқығы жоқ.

5 параграф. Мәслихаттағы депутаттық бірлестіктер


  1. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады. Мәслихат төрағасы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды. Депутаттың бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
  2. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
  3. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:

1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуге құқылы;

2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуға құқылы;

3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсыну;

4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға құқылы.

  1. Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси партияның басшы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысады, сондай-ақ мәслихаттың кемінде үш депутатын біріктіреді. Депутаттық топтың құрамы мәслихаттың кемінде бес депутатынан тұрады.

7 тарау. Аудандық мәслихатпен ұйымдастырылатын

сайлау комиссияларын сайлау және қалыптастыру

  1. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру және сайлау сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей басталады және үш күннен кешіктірілмей аяқталады.

Аудандық мәслихаттың төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларын құру туралы хабарландыру жарияланғанға дейін үш күннен кешіктірмей өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөнінде Уақытша комиссия (жұмыс тобын) құрады.

  1. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партиялардан және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы түскен ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссияларының құрамына өзінің бір-бірден ғана енгізеді. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, жоғары тұрған комиссиялар уақытша комиссияға ұсынатын құжаттардың тізбесіне мыналар кіреді:

1) саяси партияны немесе өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғары тұрған сайлау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

3) электрондық және қағаз форматта бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қалыптастырылған, белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы мәліметтер;

4) мәслихатқа кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат туралы өмірбаяндық деректері.

  1. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстардың түсу мерзімі аяқталғаннан кейін Уақытша комиссия сессия шешімдерінің жобаларын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі бюллетеньдерді дайындайды.
  2. Шешім жобалары мен бюллетеньдер бөлек дайындалады:

1) аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бойынша;

2) округтік сайлау комиссиясы бойынша;

3) учаскелік сайлау комиссиясы бойынша жүргізіледі.

  1. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары сайлау комиссияларының құрамына ұсынған барлық кандидатуралар шешімдердің жобаларына және бюллетеньдерге олардың келіп түсу және арнайы журналда тіркелу кезектілігі тәртібімен енгізіледі.
  2. Сайлау комиссияларының құрамы бар бюллетеньдерді сессияға қатысып отырған аудандық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өзі толтырады. Дауыс беру қорытындысын сессияда құрылған Есеп комиссиясы шығарады.
  3. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына тең ұсыныстар түскен кезде уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру туралы ұсыныс енгізеді. Сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып есептеледі.

 Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан асатын ұсыныстар түскен кезде уақытша комиссия мәслихат сессиясында осы сайлау комиссиясын сайлау бойынша рейтингтік дауыс беруді өткізуді ұсынады.Басқаларға қарағанда көбірек дауыс жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің саны жетпеген ұсыныстар түскен кезде уақытша комиссия бюллетеньге бос орындарға өзге қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатураларды, ал мұндай кандидатуралар болмаған жағдайда жоғары тұрған сайлау комиссиялары ұсынған кандидатураларды (түсу кезектілігіне сәйкес тәртіппен) енгізеді.

  1. Бюллетеньге осы кандидатура қандай саяси партиядан (өзге де қоғамдық бірлестіктен, жоғары тұрған сайлау комиссиясынан) енгізілгенін көрсете отырып, үміткерлердің тегі, аты, әкесінің аты енгізіледі. Кандидатуралар тегінің оң жағында депутаттар белгі (крест, қанат белгісі) қоятын шаршылар бейнеленеді.

Депутаттар алаңдарға белгі қояды.

  1. Дауыс беру қорытындыларын есеп комиссиясының төрағасы мәслихат сессиясында жария етеді.
  2. Мәслихат төрағасы тиісті сайлау комиссияларының құрамы туралы шешімдердің бұқаралық ақпарат құралдарында 10 күн ішінде жариялануын қамтамасыз етеді. Материалдар басылымның бір нөмірінде оған қосымшамен бірге орналастырылуы тиіс.
  3. Сессияларда сайлау комиссияларын сайлау кезінде мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын негізге ала отырып, комиссиялардың құрамына кірмеуге тиіс:

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды;

сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарға қолданылмайды.

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату және шығып қалған адамның орнына комиссия мүшесін сайлау туралы шешім қабылдайды. Босаған лауазымға орналасуға осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.

8 тарау. Депутаттық этика қағидалары

 76. Мәслихат депутаттары:

1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға тиіс;

2) өз сөздерінде мәслихат депутаттарының және басқа тұлғалардың       ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбауға тиіс;

3) баулу керек, заңсыз және қысым жасайтын іс-әрекеттерге;

4) мәслихаттың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс;

5) сөз сөйлеушілерді үзбеуге тиіс.

  1. Көпшілік іс-шараларды өткізген кезде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне пікір білдіргенде депутат дәлелденген, тексерілген фактілерді ғана пайдалануы тиіс.
  2. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарда өзінің депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мүддесі үшін пайдаланбауға тиіс.
  3. Мәслихат депутаты өзіне депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру кезінде белгілі болған мәліметтерді, егер бұл мәліметтер сессиялардың, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен оның өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, жария ете алмайды.
  4. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнайы өкілеттігі жоқ мәслихат депутаты мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек қана өз атынан байланысқа түсе алады.
  5. Мәслихат депутатына Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық этика қағидаларын бұзғаны үшін сөгіс және (немесе) көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу түрінде жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

9 тарау. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру

  1. Мәслихат депутаттары біліктілігін арттырудан өтеді. Мәслихаттар депутаттарының біліктілігін арттырудан өту мерзімділігі сайланған депутат өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде бес жылда бір рет болады.
  2. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарына және олардың филиалдарына біліктілігін арттыруға жіберіледі.
  3. Депутат мәслихаттарының біліктілігін арттыру ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағатты құрайды.
  4. Біліктілікті арттыруды табысты аяқтаған депутаттарға біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын сертификат қағаз немесе электрондық түрде беріледі.
  5. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлайды.

10 тарау. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру

  1. Мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мәслихат аппараты құрылады.

Мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.

  1. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген штат саны мен бөлінген қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді, оны қамтуға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
  2. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мәслихаттың өкілеттік мерзімі аяқталғанда, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.

      

 

Дата публикации
18 октября 2024