2024-2026 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 197 797 мың теңге:

салықтық түсімдер – 787 911 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 11 770 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 676 мың теңге;

трансферттер түсімі  –  5 371 440 мың теңге;

2) шығындар – 6 197 797 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 8 672 мың теңге:

бюджеттік кредиттер –  14 768 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 096 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 672 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  8 672 мың теңге:

қарыздар түсімі – 14 768 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 096 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған  аудандық бюджеттің  кірістері  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салықтан;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салықтан;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

4)  аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығынан;

5) бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға ақцизден;

6)  аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысынан;

7) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақысынан;

8) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алымнан;

9) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баждан.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрылады деп белгіленсін:

аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдерінен;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;

аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылардан;

аудандық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.

  1. Аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.
  2. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенция түсімі 1 294 020 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Аудандық бюджеттен 2024 жылға арналған ауылдық округтер және Сергеевка қаласының бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 97 893 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Арай ауылдық округіне – 8 442 мың теңге;

Афанасьев ауылдық округіне – 9 739 мың теңге;

Аютас ауылдық округіне – 8 938  мың теңге;

Городецк ауылдық округіне – 7 122 мың теңге;

Жаңажол ауылдық округіне – 12 150 мың теңге;

Новопокров ауылдық округіне – 8 431  мың теңге;

Приишим ауылдық округіне – 6 062 мың теңге;

Семипол ауылдық округіне – 7 852 мың теңге;

Сергеевка қаласына – 13 274 мың теңге;

Сухорабов ауылдық округіне – 7 342 мың теңге;

Юбилейный ауылдық округіне  – 8 541 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсімі ескерілсін.
  2. Бюджеттің төртінші деңгейдегі аудандық бюджетінен ағымдағы нысаналы трансферттер   ескерілсін

Аталған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2024-2026 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін.

Аталған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2024-2026 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен нысаналы даму трансферттерінің түсімі ескерілсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көрсетілген нысаналы даму трансферттерін бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2024-2026 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2024 жылға ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 19 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2024 жылға жергілікті атқарушы органның қарыз лимиті 6 096 мың теңге сомасында белгіленсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы                           

Шал ақын ауданы

мәслихатының төрағасы                                                           Қ. Жанғожинов

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2024