«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ережені бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы                     3-тармағының 7) тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы                   1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы             Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Жоғарыда көрсетілген Ереже заңмен белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуден өтсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

    Шал ақын ауданы

мәслихатының төрағасы                                                            Қ. Жанғожинов   

 

 

 

жобаға қосымша
Дата публикации
09 сентября 2026