АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

2026 жылғы 17 тамыздағы №8

ШЕШІМІ

 

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Сауран аудандық мәслихатының

   кезектен тыс қырық сегізінші

   сессиясын шақыру туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, 2026 жылғы 19 тамызда сағат 12:00-де Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы шақырылсын.

                                                                              

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                       С.Байсбаев

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы 19 тамызда сағат 12:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (1-қабаттағы кіші мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 2026 жылғы 19 тамызда сағат 11:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  2. Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі №15 «Сауран аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №191 «Сауран ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

 

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                        С.Байсбаев