АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

2026 жылғы 09 ақпандағы №17

ШЕШІМІ

 

 

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Сауран аудандық мәслихатының

   кезектен тыс қырық бірінші

   сессиясын шақыру туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, 2026 жылғы 12 ақпанда сағат 12:00-де Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы шақырылсын.

                                                                              

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     С.Байсбаев

 

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 12 ақпанда сағат 12:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 2026 жылғы 12 ақпан сағат 11:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №191 «Сауран ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №114 «Сауран ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

 

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      С.Байсбаев

 

Дата публикации
09 февраля 2026